31 желтоқсанда сағат 22:18-де Тараз қаласында тұрғын үйлердің бірінің 5-ші қабатындағы балконнан өрт шыққан. Өрт қысқа уақыт ішінде бүкіл үйдің шатырына таралғанын Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Эвакуацияланғандар арасында 30 бала болған. Тұрғындар үшін өрт сөндіру автокөлігі базасында және маңайдағы мектеп ішінде жылыту пункттері ұйымдастырылған.
Атырауда базар өртенді
Өрт 00:13-те шамамен 900 шаршы метр аумақта толық сөндіріліп, оған 62 адам мен 22 бірлік техника жұмылған.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.