Ертең елорданың 6 ауданындағы 10 локацияда мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Іс-шараларда елімізге танымал әншілер Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, «Меломен» және «Бәйтерек» тобы өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Ертең сағат 12:00-де мына мекенжайларда концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады:
Алматы ауданы – «Жерұйық» саябағы, «Железнодорожный» тұрғын үй кешені; Нұра ауданы – Жағалау алаңы, «Үркер» тұрғын үй кешені; Сарайшық ауданы – «Отау» және «Промышленный» тұрғын үй кешендері.Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана мен Алматыда қандай іс-шаралар өтеді?
Бұдан бөлек сағат 14:00-де де Астананың басқа аудандарында мерекелік шара өтеді:
Байқоңыр ауданы – Ататүрік саябағы, «Өндір» тұрғын үй кешені; Есіл ауданы – «Бағыстан» тұрғын үй кешені; Сарыарқа ауданы – Қорғалжын алаңы.Кешкі сағат 21:00-де «Қазақ» монументі жанындағы алаң мен EXPO аумағында, қалалық әкімшілік алдындағы алаңда мерекелік концерттер өтеді.
Сондай-ақ ертең сағат 00:00-де демеушілік қаражат есебінен Астананың бірнеше нүктесінде отшашу басталады.