Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске салайық, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады. Олжас Бектенов Президентке экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндады.