23 желтоқсан күні таңертең Алматы – Өскемен тасжолының 681 шақырымында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Абай облысының Полиция департаментінің мәліметінше, «Yutong» маркалы жолаушылар автобусы мен «КамАЗ-5320» жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Апат салдарынан автобус жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Сонымен қатар үш жолаушы медициналық көмекке жүгінген. Дәрігер тексерісінен өткен соң, зардап шеккендер үйлеріне жіберілді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті сот сараптамалары тағайындалып, олардың қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.