Қазақстанда 2026 жылдан бастап зейнетақы төлемі 10%-ға өседі. Келер жылдарға арналған бюджет жоспарына сәйкес, 2026 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Орташа базалық зейнетақы:
2026 жылы – 54 082 теңге; 2027 жылы – 58 276 теңге; 2028 жылы – 61 527 теңге. Ерлер 63 жаста, әйелдер 61 жаста зейнетке шығады. Бұл ереже 2028 жылға дейін күшінде болады. Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде 2,5 миллионнан астам зейнеткер бар.