«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі бүгін, 2025 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстанның республикалық маңызы бар тасжолдарындағы ауа райы жағдайы туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық компанияның мәліметінше, еліміздің бірқатар облысында жаңбыр аралас қар мен қар жауады деп болжанып отыр. Бұл жол жағдайының күрделенуіне әкелуі мүмкін.
Қолайсыз ауа райы келесі өңірлерде күтіледі:
Ақмола облысы
Батыс Қазақстан облысы
Қарағанды облысы
Ақтөбе облысы
Қостанай облысы
Маңғыстау облысы
Атырау облысы
Солтүстік Қазақстан облысы
Павлодар облысы
Шығыс Қазақстан облысы
Алматы облысы
Абай облысы
Ұлытау облысы
Жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтау ескертілдіАуа райының қолайсыздығына байланысты «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, арақашықтықты ұстануға, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң орындауға шақырады. Сондай-ақ тасжолда көктайғақтың пайда болуы мен көрінудің нашарлауын ескеру қажет.
Айта кетейік, Республикалық автожолдардың жай-күйі мен ауа райы жағдайы туралы жедел ақпарат алу үшін жүргізушілер тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы колл-орталыққа хабарласа алады.