• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Желтоқсан, 2025

16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді

50 рет
көрсетілді

Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне байланысты 16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске сала кетейік, жұмыс күндері ХҚКО-лар, сондай-ақ мамандандырылған орталықтар, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, ал дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Ал сенбі күні өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылдың желтоқсанында ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасы бойынша 9 күн, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 4 күн демалатынын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар