• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 10 Желтоқсан, 2025

30 градус аяз, бұрқасын: 10 желтоқсан күні ауа райы қандай болады

30 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес еліміздің кейбір өңірлерінде қатты аяз болады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Батыс аймақтарда көбіне жауын-шашынсыз, түнде тұман байқалады. Кей өңірлерде (Маңғыстау, Атырау) жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14 метрге дейін, кей жерде 15-20 метрге дейін соғады. Ауа температурасы түнде 4-18° аяз, кей аймақта 0° шамасы, күндіз 0…5° аяз, Маңғыстауда 1-3° жылы.

Солтүстік және орталық өңірлерде қатты аяз сақталады. Түнде 20-30° аяз, күндіз 12-20° аяз болады. Кей аймақтарда (Павлодар, Қарағанды, Ұлытау) қар, боран, көктайғақ, тұман күтіледі, жел секундына 9-14 метрге дейін, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Астана мен Көкшетауда жауын-шашынсыз, бірақ 24-30° аяз болады.

Шығыста қар, боран, көктайғақ күтіледі. Кей жерде (Өскемен, Семей) қар күшейіп, бұрқасын соғады. Жел секундына 9-14 метрге дейін, екпіні 20-23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 18-27° аяз, кейін одан әрі төмендейді. Тұман түнде және таңертең болуы мүмкін.

Оңтүстікте кей жерлерде қар жауып, таулы аймақтарда боран және көктайғақ байқалады. Жел секундына 8-15 метрге дейін, таулы аймақтарда 20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 3-12° аяз, тауда 15° аязға дейін; күндіз 0…8° жылы, таулы өңірлерде 5-11° аяз. Алматы мен Қонаевта қар жауады. Шымкент пен Түркістанда түнде -5…-8°, күндіз 0…3° жылы.

Соңғы жаңалықтар