• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Желтоқсан, 2025

Шнайдер көпіріндегі апат: Басқарма басшысы лауазымынан босатылды

40 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитов қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін құқық қорғау органдарының қатысуымен тексеріс жүргізілген. 

«Тексеріс қорытындысы бойынша басқарма басшысы Данияр Уахитовтың заңға қайшы әрекеттері анықталды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар облысы әкімдігі тәртіпті нығайту және мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстардың жалғасатындығын мәлімдеді. 

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Өскемендегі Шнайдер көпірі жартылай құлап, жөндеу жұмыстарына 600 миллион теңге бөлінген еді.

Соңғы жаңалықтар