• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Желтоқсан, 2025

Ақтөбе облысында 53 жолаушы күрделі жағдайға тап болған

40 рет
көрсетілді

Аталған өңірдің Әйтеке би ауданы аумағындағы республикалық тас жолдың 950-ші шақырымы тұсында 53 адам күрделі жол жағдайына тап болды, деп жазады Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жол қозғалысына шектеулерге байланысты Белқопа ауылына қарай жаяу келе жатқан 15 адам және Шымкенттен Мәскеуге бара жатқан автобустың 38 жолаушысы қауіпсіз жерге көшіріліп, таяу маңайдағы ауылдың жылыну орталықтарына жеткізілді.

«Эвакуацияланғандарға, оның ішінде 11 Өзбекстан Республикасының азаматтарына медициналық көмек қажет емес», делінген хабарламада.

ТЖМ адамдарға алысқа сапар шеккенде ауа райы жағдайларын ескеруді және төтенше жағдайлар қызметінің ұсыныстарын орындау қажеттігін еске салады.

Соңғы жаңалықтар