• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Желтоқсан, 2025

Жетісу облысында қауіпті қалдықтар оқушыларға қолжетімді жерде сақталған

30 рет
көрсетілді

Аталған облысқа қарасты Алакөл ауданы прокуратурасы мектептер мен мемлекеттік балабақшаларда  қауіпті қалдықтарды пайдалану, сақтау және кәдеге жарату кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдау барысында істен шыққан 436 сынапты лампа ұзақ уақыт қоймаларда және жертөлелерде сақталғаны анықталды. Бұл оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына тікелей қауіп төндірді.

Санитарлық қағидаларға (Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 ж. №76 бұйрығы) сәйкес, істен шыққан сынапты лампалар оқушылар қол жеткізе алмайтын жеке бөлмеде сақталуы керек, оларды қоқыс жәшіктеріне тастауға жол берілмейді.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, анықталған заңбұзушылықтар толығымен жойылды, қауіпті қалдықтар белгіленген тәртіппен шығарылды. Осылайша, 3 458 азаматтың, оның ішінде 2 947 оқушының және 511 қызметкердің құқықтары қорғалды.

Соңғы жаңалықтар