• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Қараша, 2025

«Заң және тәртіп баланың көзімен». Қалалық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды

550 рет
көрсетілді

Өскелең ұрпаққа «Заң және тәртіп» қағидатын ұғындыруды көздеген сурет байқауын Астана қаласының прокуратурасы мен әкімдігі бірлесе ұйымдастырған. Ерекше байқауда елордалық 5-7 сынып оқушылары бағын сынап көрді, деп жазады Egemen.kz.

Байқауға Астананың ЮНЕСКО-ға қарасты Балалар көркемсурет мектебі-клубының ұстаздары мен мемлекеттік орган өкілдері қазылық етті.

Олар қатысушылардың туындысын көркемдік деңгейі мен тақырыпты ашу шеберлігіне байланысты бағалады.

Нәтижесінде 22 үздік жұмыс анықталып, сурет авторларына дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Астана қаласының прокуратурасы мен әкімдігі байқауда топ жарған жұмыстарды көпшілік назарына ұсынып, қоғамдық орындарында көрме ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

 

Соңғы жаңалықтар