Желтоқсан айында елімізде Тәуелсіздік күні тойланады. Бұл күн мемлекеттік және ұлттық мерекелер күнтізбесіне енгендіктен 16 желтоқсанда ел азаматтарына демалыс беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Бұл күн сейсенбіге тұс келіп тұр. Сондықтан 1 күндік қысқа демалыс болады. Жалпы сенбі-жексенбіні қоса есептегенде аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалады.
Жаңа жыл қарсаңындағы 31 желтоқсан сәрсенбі болғандықтан жұмыс күні болып қала береді.
Жаңа жыл, әдеттегідей мерекелік демалыстардан басталады.
2026 жылдың қаңтарында аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
30 және 31 желтоқсан – жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар – Жаңа жылға арналған мерекелік күндер; 3 және 4 қаңтар – демалыс; 5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері; 7 қаңтар (сәрсенбі) – Рождество – демалыс күні.Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
30 және 31 желтоқсан – жұмыс күндері; 1 және 2 қаңтар – мерекелік күндер; 3 қаңтар (сенбі) – жұмыс күні; 4 қаңтар (жексенбі) – демалыс; 5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері; 7 қаңтар – демалыс күні (Рождество) болып белгіленген.