• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Қараша, 2025

Маңғыстаулық оқушы тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанды

30 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының №18 мектебінің 11 сынып оқушысы Дәулет Айқын мектеп оқушылары арасындағы тоғызқұмалақтан II әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 18-22 қараша аралығында өткен жарысқа 21 елден 180 спортшы қатысты. Қызу бәсекеде Дәулет Қазақстан мен туған өңірінің намысын абыроймен қорғап, 17 жасқа дейінгі категорияда әлем чемпионы атанды.

Бұл – Маңғыстаудан шыққан алғашқы әлем чемпионы.

Бұдан бөлек, спортшы спорт шебері атағына қажетті нормативті орындады.

Жас чемпионды Күләш Мадрешова мен Түгелбай Қуанышов жаттықтырған.

Ұлттық ойынды дамытуға үлес қосқан оқушының жеңісі өңірде үлкен қуанышқа айналды.

Соңғы жаңалықтар