• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 14 Қараша, 2025

Ұлттық жобаны жүзеге асыру жайы талқыланды

220 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсенің отырысы өтті.

Қараша айынан бастап meks.zakup.sk.kz электрондық сатып алу плат­­фор­масы іске қосылды. Бұл жү­йе­д­е Ұлттық жо­баға қатысушы бар­л­ық ком­­муналдық кәсіпорындар тіркелген.

Қазір 26 кәсіпорын шамамен жарты трлн теңге болатын 174 жоба бойын­ша өтінім берді. Келесі жылға арналған тауар­ларға деген қажеттілік айқындалып, 680 әлеуетті ЕРС-мердігер мен 172 отандық өндіруші анықталды. Олар Ұлттық жобаны жү­зеге асыруға қажетті өнім жеткізуге дайын.

Сондай-ақ отырыста аз қамтыл­ған азаматтарды тұрғын үймен қолдау шаралары қаралды. Биыл 9,6 мың отбасы коммуналдық қызмет шығындарының бір бөлігін өтеу түрінде көмек алған.

Вице-премьер жауапты мемле­кет­тік органдарға көмекті тағайын­дау рәсімін жеңілдетіп, қолданыс­тағы қолдау шаралары туралы халықты кеңінен ақпараттандыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар