• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Құрылыс 14 Қазан, 2025

Биыл елімізде 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

340 рет
көрсетілді

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымдық жобалардың көлемі өсіп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді. Оның айтуынша, 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша құрылыс саласы 14,9%-ға ұлғайған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азамат Әмриннің сөзінше, өсім еліміздің барлық өңірлерінде дерлік байқалған. Ең жоғары көрсеткіштер Астана қаласында – 41,8%, Алматыда – 37,7%, Солтүстік Қазақстан облысында – 27,3%, Ақмола облысында – 26,4%, ал Түркістан облысында – 25,5% деңгейінде тіркелді.

Вице-министр сондай-ақ биыл 12,9 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін хабарлады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға артық.

Министрлік деректері бойынша, тұрғын үй құрылысы қарқыны жоғарылаған өңірлердің қатарында Ұлытау облысы (өсім 24,6%), Алматы облысы (16%), Түркістан облысы (8,4%) және Жетісу облысы (9%) бар. Сондай-ақ Алматы қаласында да құрылыс көлемі айтарлықтай артқан – 18,2%-ға өскен.

 

Соңғы жаңалықтар