• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Марапат 10 Қазан, 2025

Заңгерден заңғарға дейін

110 рет
көрсетілді

Әдебиетсүйер қауым көптен күткен жаңалық жария болды. Ұлы даламен тамырлас Мажар елі жазушысы Ласло Краснахоркаи Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

Қаламгер өз шығармала­рын 70-жылдардың соңында бас­тап, 80-жылдары қарқын­ды жаза түссе де, оқырманды ең алды­мен «Нобель сыйлығы дәл қай еңбегіне берілді?» дей­тін сұрақ мазалайтыны рас. Бұл сауалға nobelprize.org рес­ми сайты «Марапат оның апока­липтикалық террордың ішінде өнердің құдіретін көр­сете­тін көркем де көреген шығар­ма­шы­лығы үшін берілді», деп жа­­уап жазды. Бұған қоса Но­­бель ма­рапатын тағайын­дай­­­тын ұйым­ дерек көздерінде су жаңа лау­реатты Орталық Еу­ро­па дәс­түріндегі көрнекті эпи­ка­лық жазушы ретінде сипаттаған.

Ол 1954 жылы 5 қаң­тар­да дүниеге келген. Заңгер кә­сі­бін игерген әкесі мен әлеу­мет­тік қауіпсіздік саласында жұмысшы болған анасы ба­ла кезінде Ласлоның еврей тегі бар екенін жасырған көрі­неді. Әкесінің жолын қуып заң­герлікті оқыған Л.Красна­хоркаи кейін тіл-әдебиетке бет бұрып, заңғар жазушыға айналды.

Ласлоның қаламынан «Сай­тан тангосы», «Веркмейстр үйлесімі», «Турин жылқысы», «Лондон адамы», «Жазықтағы саяхат» секілді бірқатар туынды туған. Ол негізінен күрделі филосо­фия­ға құрылған анти­утопия ­жан­р­ы арқылы әде­биетке жаңалық әкелді. Енді осы бағытқа – терең ой­ға жетелейтін Орталық Еуро­па шы­ғар­маларына қызығу­шы­лық арта­тыны анық.

Айтпақшы, жазушы – көп­теген еңбегін кино тілінде сөй­летуді де шебер меңгерген кәсіби киносценарист. Бұл қабілеті де әдеби туындыларды оқырманға кеңінен танытуға септігін тигізген секілді. Ал­дағы уақытта оның шығармалары қа­зақ тіліне де аударылады деп үміттенеміз. 

Соңғы жаңалықтар