Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды», делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Досбергенқызы ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болған.