Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің жағдайы интоксикация (улану), гипотермия (суық тию) және гипогликемия (қандағы глюкоза концентрациясының төмендеуі) белгілеріне байланысты орташа ауырлықта. Қазір нәресте облыстық көпсалалы балалар ауруханасында жатыр.
«Баланың салмағы - 2990 грамм, бойы - 52 см. Мидың КТ-сы бойынша гипоксия белгілері бар. Бұл жүктілік немесе босану кезінде балаға оттегі жеткіліксіз болғанын білдіреді. Кардиолог жүрегін УДЗ-ға түсіргенде 0,2 см ашық сопақ терезе диагнозын қойды. Ішкі мүшелердің УДЗ-ы бауыр паренхимасының орташа өзгерісі бар екенін көрсетті», делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Дәрігерлердің айтуынша, нәресте ауруханаға жеткізілгенге дейін 7-8 сағат бұрын туған.