Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», делінген жарлықта.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Қапанұлы Алдияров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.