Оралда 60 жастағы ер адам жетінші қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін И.Ларин көшесіндегі көпқабатты үйде түскі уақытта орын алған.
Жедел жәрдем жергілікті сағат 12.30-да шақыртылды. Алайда 1961 жылғы ер адам ауыр жарақаттан жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.