Токио Олимпиадасында дзюдодан кезекті жарыс күні басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
73 килоға дейінгі салмақта сынға түскен Жансай Смағұлов Олимпиаданы екінші айналымнан бастады. Ол Токио татамиіндегі алғашқы белдесуінде армениялық Фердинанд Карапетянды жеңді.
Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, қосымша уақытта Жансай «ваззари» ұпайын еншіледі. Смағұловтың келесі қарсыласы - канадалық Артур Маргелидон.