«89 жасқа қараған шағында Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы, танымал мүсінші, белгілі архитектор Шот-Аман Уәлихан ағамыз дүние салды. Сөз жоқ, бүгін осынау орны толмас қайғыға Шот-Аман ағамыздың отбасы, айнала-жақындарымен бірге оның тарихи тұлғасын әспеттеген бүкіл қазақ елі ортақтасып жатыр. Өйткені, асыл ағамыз бойындағы бар ілім-білімі, тума таланты, зиялы болмысымен Ұлт келбетін айшықтаған ұлы еңбегін ұрпақтар еншісіне байлап, мемлекетіміздің мәртебесіне айналдырып кетті. Оның жарқын бейнесі ел есінде мәңгілік сақталады. Марқұмның топырағы торқа, жаны жанатта болсын», деп жазды Аида Балаева Facebook желісінде.