• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Желтоқсан, 2020

Сегіз өңірде дабылды ескерту жарияланды

160 рет
көрсетілді

Қазақстанның сегіз өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда 28 желтоқсанда бұрқасын болады. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысында қар жауады. Кей жерлерде боран, тұман болады.

Қостанайда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Тұман, бұрқасын болады.

Синтоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында қар, тұман, боран түседі деп болжады. 

Батыс Қазақстан облысында түнде қар жауады. Кей жерде көктайғақ болады. 

Атырау, Ақтөбе облысында тұман және көктайғақ болса, Түркістан облысы мен Шымкентте тұман болады деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар