• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысында 5 ауданның инфрақұрылымын дамыту ісі қолға алынды

498 рет
көрсетілді

2020-2021 жылдары Түркістан облысының Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш, Келес, Шардара, Сайрам аудандарының инфрақұрылымын дамыту басты назарға алынды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес ауданда қолға алынған жұмыстардың табысты жүзеге асуын өз бақылауына алған өңір басшысы Сарыағаш, Келес аудандарын аралады.

Сапарды  Жібек  жолы ауылдық округіндегі «Бес жұлдыз» бала бақшасының жұмысымен танысудан бастаған облыс әкімі 450 баланы тәрбиелеп отырған мектепке дейінгі білім мекемесінің ұжымымен сөйлесіп, құрылтайшысымен кездесті.

Бұдан кейін өңірдің ауыл шаруашылығы саласына айтарлықтай үлес қосып жатқан өнеркәсіптік жылыжай кешенімен танысты. Жібек жолы ауылдық округі, Зортөбе елді мекенінде орналасқан кешеннің аумағы – 12,85 га.

Озық технологияларды пайдалана отырып көшет өсіретін жылыжайда жылына 12 миллион дана көшет сатылымға шығарылады.

600 миллион теңге инвестиция салынған нысанда  кәсіпкер өз қаржы есебінен автоматтандырылған басқару жүйесі бар төбеден бүрку арқылы суғару әдісімен  орталықтандырылған жылыту қазандығын орнатқан.

Мұнан соң Жарты төбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекеніндегі Келес өзенінің бойындағы көпірдің құрылысымен танысқан Өмірзақ Шөкеев ұзындығы 60 метр, ені 10 метр болатын жобаның сапасын тексерді. 

Келес ауданына жасаған сапар барысында өңір басшысы Абай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жөндеуден өткен Тұрар Рысқұлов көшесінің жұмысымен және Қошқарата ауылдық округі, Жамбыл елді мекеніндегі № 29 жалпы орта мектебінің құрылысымен танысты.

Құрылысы былтыр басталған мектеп 2021 жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Атап өтейік, Түркістан облысы аудандары мен елді мекендерінің дамуына оң серпін беретін  67 жоба қолға алынған. 10 жоба Үкімет мақұлдауынан өтіп, 2021 жылы тиісті қаражат бөлінетін болды.

Бұдан бөлек, облыстық бюджет есебінен 40 миллиард теңге қаралып, 57 жоба іске асырылып жатыр. Ол қаржының 30 миллиард теңгесі биыл бөлінсе, 10 миллиард теңгесі келесі жылы осы жобаларды аяқтауға бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар