Бүгінде провизорлық станционардағы төсек орындардың 88 пайызы бос. Вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Мейлінше сақтық шараларын күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады.
Айта кетейік, Шымкент қаласыда бүгінге дейін Сovid-19 жұқтырудың 5155 фактісітіркелді. Оның ішінде 2627-сі – симптомды, 2528-і – симптомсыз жағдай. Ал 4330 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.