1980 жылы туған Өзбекстан азаматы жекеменшік автокөлігімен ешқандай рұқсат құжаттарынсыз 3200 дана әртүрлі киім-кешек пен 20 кг насыбай әкеле жатқан екен. Заңсыз жүк актіленіп «Тәжен» кеден бекетіне тапсырылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Өзбекстаннан заңсыз тауар әкеле жатқан өзбек азаматы ұсталды
611 рет
көрсетілді