Машина жасау зауытының басшысы Алексей Рубцов Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында энергетикалық жабдықтар өндірісін шоғырландыруға ниетті екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, ол жабдықтар өндірісін орналастыру шарттары мен Қазақстан Республикасының машина жасау кәсіпорындарына қойылатын талаптар туралы хабардар етті.
Министрлік "Қазақстан машина жасаушылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігімен бірігіп энергетикалық жабдықты шоғырландыру жұмыстарына қатысуға дайын өнеркәсіп компанияларының тізімін жасайтын болады.