• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Маусым, 2018

Синоптиктер дауылға байланысты Ақмола облысында ескерту жариялады

441 рет
көрсетілді

Қазгидромет орталығының мәліметінше, ертең, 4 маусымда Ақмола облысында батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

 

"Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Астана қаласында 4 маусымда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 пайыз", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Астана мен Алматыда дауыл соғатынын ескерткен болатын.

"Ақмола облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді", - дейді мамандар. сілтеме көрсету талап етіледі.

Соңғы жаңалықтар