• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Маусым, 2018

2018 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 38-орынды иеленді

2460 рет
көрсетілді

2018 жылғы 24 мамырда Халықаралық менедж­ментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Жаһандық бәсекеге қабілеттілігін зерттеу орталығы 2018 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингін жариялады.

IMD рейтингі экономикалық белсенділік, үкімет тиімділігі, бизнес тиімділігі және инфрақұрылым сияқты факторларды бағалайтын жан-жақты зерттеудің нәтижесі болып табылады. Жылнамада 340 көрсеткіш қамтылып, олардың 2/3 статистика­лық деректер негізінде, 1/3 – сауалнамаға сәйкес есептелінеді.

2018 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы 38-орынды иеленді.

2018 жылы рейтингке әлемнің 63 елі қатысты. Биыл рейтингті АҚШ бастады. Ең бәсекеге қабілетті елдер – бұрынғысынша Гонконг, Сингапур, Нидерланд, Швейцария. ТМД елдерінің арасында Қазақстан жоғары орында тұр, Ресей – 45-орында, ал Украина – 49-орында.

Рейтингтегі орынның төмендеуіне қарамас­тан, екі фактор бойынша оң үрдістер байқалады. «Эконо­микалық қызмет» факторы бойынша Қа­зақ­стан 5 орынға көтеріліп, 49-орынды иеленді. Жақсару үш субфактор бойынша орындардың жақсаруымен түсіндіріледі: «Халықаралық сауда» – 56-орын (6 тармаққа жақсару), «Жұмыспен қамту» – 26-орын (6 тармаққа жақсару) және «Бағалар» – 48-орын (5 тармаққа жақсару). Орындардың төмендеуі «Ішкі экономика» – 46-орын (6 орынға төмендеу) және «Сырт­қы инвестициялар» – 28-орын (10 орынға тө­ме­н­деу) субфакторларының нашарлауымен байқалды.

«Инфрақұрылым» факторы бойынша ұста­ным­ның 1-тармаққа 43-орыннан 42-орынға жақ­саруы байқалады. Жақсару үш субфактор бойынша орын алды: «Базалық инфрақұрылым» – 47-орын (8 тармаққа жақсару), «Ғылыми инфрақұрылым» – 47-орын (2 тармаққа жақсару), «Білім» – 29-орын (6 тармаққа жақсару). Сонымен қатар «Технологиялық инфрақұрылым» – 49-орын (6 тармаққа төмендеу) және «Денсаулық сақ­­тау және қоршаған орта» – 56-орын (3 тар­мақ­қа төмендеу) субфакторлары әлсіз болып қалуда.

«Үкіметтің тиімділігі» факторы бойынша Қазақ­стан 25-орынды иеленді. Аталған фактор елдің бәсе­кеге қабілетті артықшылығы болып табыӨ­ла­ды. «Қоғам­дық құрылым» субфакторы бо­йын­ша 2 тар­мақ­қа (28-орын) жақсару бай­қалады. «Мем­лекет­тік қаржы» субфакторы бойынша 4-орыннан 19-орынға төмендеу байқалуда. «Бизнес туралы заңнама» субфакторы бойынша 6 тармаққа төмендеу (28-орын), «Салық саясаты» – 4 тармаққа төмендеу (14-орын) және «Институционалдық орта» – 4 тармаққа төмендеу (50-орын) байқалады. 

«Бизнестің тиімділігі» факторы бойынша Қазақ­стан 34-орынды иеленді. Аталған фак­тор бөлі­сінде құрамдастардың орындары төмен­дегі­дей: «Өнімділік пен тиімділік» – 42-орын (4 тар­маққа төмендеу), «Еңбек нарығы» – 13-орын (6 тар­маққа төмендеу), «Қаржы» – 42-орын (2 тармаққа төмендеу), «Менеджмент практикасы» – 29-орын (15 тармаққа төмендеу), «Қарым-қатынас пен құндылықтар» – 33-орын (22 тармаққа төмендеу). Респонденттердің пікірінше, Қазақстан Рес­публ­и­ка­сы экономикасының ең тартымды бес факторы: стратегиялық тұрақтылық пен жағ­дайдың болжамдылығы (57,8%), қолайлы іскер­лік орта (55,6%), динамикалық экономика (респон­денттердің 46,7%), салық салудың тиімді жүйесі (41,1%) және тиімді еңбек қатынастары (32,2%).

Соңғы жаңалықтар