• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қыркүйек, 2017

Астанада аламан бəйге өтеді

1131 рет
көрсетілді

3 қыркүйек күні Астана əкімдігінің қолдауымен ІV дәстүрлі «Алтын тұлпар» республикалық бəйге өтеді, - деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Танымал ұлттық спорт түрі бойынша турнир халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылып отыр.

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесі Астана әкімдігі мен ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық федерация «Samruk-kazyna» ұлттық әл-ауқат қорының, Мәдениет және спорт министрлігінің, «Нұр Отан» партиясының, сонымен қатар «ЭКСПО-2017» ҰК қолдауымен өткізіледі. Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған аламан-бәйге форматы биылғы жылы бірқатар өзгерген. Атап айтқанда, бұған дейін шауып өту шеңбері 12,5 шақырымды құраса, енді 7 шақырым. Қашықтық – 51 км.

Қашықтықта әр 2 шақырым сайын бақылау пункттері орналасады. Онда төрешілер, ветеринарлар, құқық қорғау органдарының өкілдері болады. Сондай-ақ, бәйгенің өту барысы бейнебақылау камераларына түсіріледі. Ат жарыс тікелей эфирде және ЛЭД-экранда көрсетіледі. Ат жарысы додасына еліміздің барлық аймақтары мен Алматы мен Астана қалаларының командалары қатысады.

Бас жүлдеге 10 млн теңге тігілген. Сондай-ақ жүлделерді бірінші келген 9 шабандоз иеленеді. Бәйге Ақмола облысы, Целиноград ауданы, «Қабанбай батыр» ауылында өтеді (Астанадан 35 шақырым жерде). Аламан бәйге 3-қыркүйек күні сағат 11:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар