• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ипотека Бүгін, 17:50

Жеңілдетілген ипотекаларға өтінім қабылдау қашан басталады?

10 рет
көрсетілді

Алматыдағы «Отбасы банк» Алматы филиалының бизнесті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Шах-Мұхамед Жақан 2026 жылы іске асатын негізгі ипотекалық бағдарламалар мен өтінім қабылдау мерзімдерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Наурыз» бағдарламасы

Өтінім қабылдау наурыз айына жоспарланған. Пайыздық мөлшерлемесі:

7% – әлеуметтік санаттар үшін, 9% – қалған азаматтар үшін.

Бастапқы жарна: 10% (аяқталған құрылыс), 20% (бітпеген құрылыс үшін).

Несиенің ең көп сомасы Алматы мен Астанада – 36 млн теңге, өзге өңірлерде – 30 млн теңге. Мерзімі – 19 жыл.

Бағдарламаға қатысу үшін соңғы 5 жылда тұрғын үйіңіз болмауы керек. 6 айлық ресми табыс пен зейнетақы аударымдары міндетті және депозитте кемінде 2 млн теңге болуы қажет.

«Ұмай» – әйелдерге арналған ипотека

Бағдарлама жақын уақытта іске қосылады. Тек әйелдер қатыса алады. Отбасылық жағдайы мен үйінің бар-жоғы маңызды емес. Міндетті шарт – соңғы 6 айда ресми табыстың болуы.

Пайыздық мөлшерлемесі – 15%, кейін 5-3,5%-ға төмендейді. Несие 50 млн теңгеге дейін беріледі.Мерзімі – 25 жыл.

Депутат әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ипотека беру шарттарын жеңілдетуді ұсынды

«Алматы жастары»

Бұл 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарлама.

Мөлшерлеме – 5%. Бастапқы жарна – 10%. Несие: 20 млн тг-ге дейін.

Бағдарлама басқа аймақтарда да қолжетімді.

«Наурыз Әскери»

Әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне арналған жаңа бағдарлама.

Мөлшерлеме: 9%. 8 жылдан кейін 5%-ға түседі. Бастапқы жарна: 0-50%. Несие сомасы: Алматы мен Астанада – 36 млн теңге, басқа өңірлерде – 30 млн теңге. Егер жарна 20%-дан асса, 80 млн теңгеге дейін алуға болады.

Қазақстанның ипотекалық нарығы: Реформа алдындағы үзіліс

 

Соңғы жаңалықтар