• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Тамыз, 2017

Алдағы демалыс күндері Астанада үш облыстың жәрмеңкесі өтеді

780 рет
көрсетілді

2-3 қыркүйекте «Қазақстан» СК көлік тұрағы аумағында Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының жәрмеңкесі өтеді.

Жалпы 1300 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, картоп, көкөніс пен жеміс-жидектер, түрлі дәмді тағамдар ұсынылады.

Жәрмеңкеге ПК «Ижевский», «Қазгерқұс» ЖШС, «Астана Өнім» АҚ сынды 100-ден астам отандық тауарөндіруші қатысуда.  

Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін жәрмеңкеде базардың бағасынан төмен сомаға сатып ала алады.

Сонымен қатар, облыстардан келетін шығармашылық ұжымдар келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынады.  

Соңғы жаңалықтар