• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Шілде, 2017

ҚР Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты мәлімдеме жасады

165 рет
көрсетілді

Корей Халық-Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыранды ұшыруына байланысты Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

«Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 28 шілдедегі Корей Халық-Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыранды ұшыруын батыл айыптайды. Мұндай-іс-әрекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын өрескел бұзушылық болып есептеледі, әлемге қауіп төндіреді және Шығыс Азия өңірінде және жаһандық ауқымда жағдайды ушықтырады.

ҚХДР-дың жауапсыз саясаты ядролық қарусызданудың жаһандық процесіне теріс әсер етеді, болашақ ядросыз ғаламшарды қамтамасыз ету жөніндегі ұжымдық күш-жігерге зиян келтіреді. ҚХДР-ды өз халқының қауіпсіздігі мен дамуы, сондай-ақ бүкіл адамзаттың игілігі үшін ядролық менмендіктен бас тартуға табанды түрде шақырамыз.

ҚХДР-дың зымырандық және ядролық бағдарламасының қаупі бүкіл мүдделі тараптарға келіссөздер процесін жедел түрде қайта бастау арқылы өзара тиімді шешімді іздестіру жөніндегі күш-жігерді жандандыруды талап етеді. Қалыптасқан жағдайдан шығуда Солтүстік Корея билігінің арандатушылық іс-әрекеттерінен туындаған проблеманы күшпен емес, нақ келіссөздер арқылы шешуге болады деп есептейміз», делінген мәлімдемеде.

 

Соңғы жаңалықтар