Өткен түні Қонаев қаласында жылдамдығы секундына 27 метр боран соғып, тұрғын үйлердің шатыры ұшып, инженерлік желілер зақымданған. Осыған байланысты қалада штаб құрылып, коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялар күшейтілген жұмыс тәртібіне ауысқан, деп жазады Egemen.kz.
Қазір қалада құлаған ағаштар мен жеңіл конструкциялардан тазарту жұмыстары жалғасып, бірқатар шағын ауданда электр желілері қалпына келтіріліп жатыр.
Қаладағы 1-11-ші сынып оқушылары түгелдей қашықтан оқуға көшірілген.
Қонаев қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды
Қала әкімі Асхат Бердіханов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандарымен жиын өткізіп, боранның салдарын жою бойынша тапсырмалар берді. Ал зардап шеккен тұрғындарға заң аясында көмек көрсетілетіні жарияланды.
Тұрғындар боран салдарына қатысты сауалдарына 109 қызметі арқылы жауап ала алады.