• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 28 Шілде, 2017

Румыния сыртқы істер министрімен кездесті

140 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Ба­қытжан Сағынтаев Ру­мынияның сыртқы істер министрі Теодор-Виорел Мелешканумен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында энергетика, машина жасау, металлургия, көлік және логистика, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Бұдан өзге, Қазақстан-Румыния үкі­мет­­ара­лық комиссиясының отырысын­да қол жеткі­зілген сауда-эко­но­микалық және ғылы­ми-тех­ника­лық ынтымақтастық бойынша уағ­­да­­лас­тықтарды іске асыру барысы қаралды.

Соңғы жаңалықтар