• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2017

Такси тегін қызмет көрсетеді

371 рет
көрсетілді

Қасиетті Рамазан айы келіп жет­келі республикамыздың барлық өңір­ле­ріндегі мешіттерде түрлі шаралар ұй­ымдастырылып, қызметтер көр­с­е­ті­ле бастады. Соның бірі – тегін такси қызметі.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті де тегін такси қызметін халыққа ұсынды. Бұл қызмет аясында мешітке тарауих намазына қатысушы жамағаттар, мешітке аяқ басқан тұрғындар таксимен үйлеріне тегін жеткізілуде. Бұл қызметке барлық қалалық ме­шіттер атсалысты. Жақсы істің ба­сында жүріп, халыққа Рамазан айы­ның келуін осылайша сезіндірген өкіл­дік ұжымына жамағат та дән риза бо­лып, алғыстарын жеткізуде.  

Соңғы жаңалықтар