Тараптар Халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындықты, сондай-ақ Қазақстан астанасында ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу күнінде өз жұмысын бастайтын ШЫҰ мүше мемлекеттері басшыларының Саммитін талқылады.
"ШЫҰ-ның бұл Саммиті тарихи оқиға болмақ. Басты ерекшелік дәл сол 9 маусымның кешінде біз Астанада өзге, бұдан да мықты ұйымды қабылдайтын боламыз", - деп атап көрсетті ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Әлімов.
Р. Әлімов өз сөзінде ШЫҰ үшін өз павильоны арқылы ұйымның қоршаған ортаны жақсартудағы үлесі мен экологиялық бағдарламаларды қолдап отырғанын көрсету өте маңызды екенін айтты. ЭКСПО-2017 көрмесінің қарсаңында ШЫҰ Қытайда Көрме және өз павильонының тұсаукесерін өткізбекші.
Айта кетейік, маусымның 10 мен қыркүйектің 10 арасында Астана қаласында 5 миллион келушілері күтілетін Халықаралық мамандандырылған көрме өтеді.