• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 12:02

Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 10%-ға азайған

10 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елімізде туберкулез жұқтыру деңгейі 10%-ға төмендеген. Былтырғы көрсеткіштерге зер салсақ, туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштер біршама жақсарыпты, деп жазады Egemen.kz.

Туберкулездің таралу жиілігі 12,8%-ға қысқарған. Аурудың осы түрінен болатын өлім-жітім 10%-ға азайған. Статистиканың жақсару себебін салада қабылданған шешімдердің тиімділігімен байланыстырсақ болады. Дер уағында жасалған емшаралардан да оң нәтиже бар. Мысалы, дәріге сезімтал туберкулезден жазылу көрсеткіші 90,5%-ды кұраса, дәріге төзімді туберкулезден жазылу көрсеткіші 85,3%-ға дейін жоғарылаған. Бұл көрсеткіштер тіпті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) стандарттарынан да жоғары.

Туберкулезді емдеудің тың әдісі

Елімізде туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді. Сондай-ақ біздегі медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар деңгейінде туберкулезді ерте диагностикалаудың заманауи әдістері енгізілген. GeneXpert аппараты арқылы жүргізілетін (туберкулезге ПТР) зерттеу нәтижелері 2 сағат ішінде дайын болады.

Астаналық студенттер өкпе обырын ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының ұсынымдарына сәйкес, дәріге төзімді туберкулез түрлерін емдеуде тиімділігі жоғары, инъекциясыз қысқа мерзімді 12 айдан 6 айға дейін емдеу режимдері қолданылады. Бұл емдеу режимдері қабылдауға ыңғайлы таблетка түрінде ұсынылады. Туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеу үшін 1 айдан 3 айға дейінгі жаңа қысқа мерзімді режимдер қолданылады. Бұл қауіп тобындағы тұлғалар  арасында белсенді туберкулездің дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Ғалам ғажаптары: Темір өкпе

Жыл сайын науқастардың 95%-дан астамы әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Амбулаториялық деңгейде науқастардың 40%-ы емдеуді бейнебақылау режимінде қабылдайды. Денсаулық сақтау министрлігі әлі де амбулаториялық көмек түрлеріне, пациенттерді әлеуметтік қолдауға және елдегі эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған халықаралық стандарттарды қолдануға баса назар аударып отыр. Сондықтан туберкулездің профилактикасын, ерте анықтау және қолжетімді емдеуді дамыту жөніндегі жұмыстар бұрынғыша жалғасады.

Соңғы жаңалықтар