Қазір машина ұрлығымен айналысатындар оны көз ілеспес уақытта алып кетеді. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасы қылмыстық полициясының аға жедел уәкілі, полиция майоры Ринат Қабылбеков айта келіп, көлік иелеріне дыбыс беретін арнайы блокиратор қорабын орнатуға кеңес берді.
Жыл басынан бері облыс өңірінде 37 автокөлік ұрланған, соның 32-і ашылды.
«Мұнда машиналарды ұрылар ашпайды, машинаның «айқай салатынын» жақсы біледі. Ал механикалық бокираторларды ашам дегенше он шақты минут уақыт өтеді, ал бұл полициялардың келіп үлгеруіне жеткілікті» деді Ринат Қабылбеков.
Сонымен қатар, ол көліктерді терезенің алдына түнде тастап кету де ұры шақыратынын айтты. Мысалы, есіктің алдына қойып кеткен «ВАЗ-2107» маркалы машинаны жақында 16 және 17 жастағы екі жасөспірім ұрлап бара жатқан жерінен Федоров даңғылы бойынан ұсталды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Нәзира Жәрімбетова «Егемен Қазақстан»