• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Сәуір, 2017

ШҚО-да қуатты жер сілкінісі болды

207 рет
көрсетілді

Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 732 км жерде Қазақстан аймағында тіркелген.

Бүгін (04.04.2017) Астана уақытымен 21:03-те Шығыс Қазақстан облысының аймағында қуатты жер сілкінісі болды. Бұл туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция комитеті" ММ-сі хабарлады.

Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 732 км жерде (Қазақстан аймағында) тіркелген. Энергетикалық дәрежесі 13,3. Магнитудасы 6.3. MPV. Ошағының бағыты 47.52 с.е 3.95 ш.б. жатыр. Тереңдігі 10 км. Зайсанда ол 5-6 балл болса, Өскеменде 3-4 балға жетті.

Соңғы жаңалықтар