• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Сәуір, 2017

​Біздегідей шұбат басқа елдерде жоқ – Н.Назарбаев

565 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Маңғыстау облысына жасаған сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаев өңір халқымен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстанның іскер әйел қауымдастығы Маңғыстау облысы бойынша төрайымы Сәуле Жақаева кәсіпкер ретінде ЭКСПО-2017 көрмесіне екі тонна шұбат, балқаймақ апаратынын айтты.

Оған Президент: «Келіңіздер, қатысыңыздар, барлығына ішкізейік. 110 мемлекеттен делегация келеді. Ондай шұбат дүниеде ешкімде жоқ, - деді Елбасы. 

Елбасымен кездесу барысында «Лукойл Оверсиз» компаниясының өңірлік үйлестірушісі Есен Күмісқали Маңғыстауда барлық ауылдарға газ тартылғанын айтты. 

«Маңғыстауда газ бармаған ауыл жоқ. Ауылдағылар бұрынғыдай қи мен көмір жағудан біржола арылды деуге болады. Бұл үлкен әлеуметтік мәселе болатын.  Бұл – сіздің жеңісіз, халықтың жеңісі. Бақ-дәулет бірлігі жарасқан елде болатын болса, бұл – біздің еліміз деп кеудемізді керіп, еңсемізді тік көтеріп, мақтанышпен айтамыз», деді ол. 

Арнұр Асқар,

"Егемен Қазақстан"

Соңғы жаңалықтар