• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2017

Қарабалық жастары «Көк китке» қарсы ойын ойлап тапты

143 рет
көрсетілді

Қостанай облысындағы Қарабалық ауданында «Қарабалық волонтерлері» жастар бірлестігі үш жылдан бері белсенді жұмыс істеп келеді. Бірлестікке аудандағы қырық шақты ылғи белсенді, талапты жастар жиналған.

Бірлестік белсендісі Ирина Татиеваның бастамасымен олар «Қайырымды панда» атты ойын ойлап тапты. Бұл интернет желілері арқылы жасөспірімдерді өзіне қол жұмсауға итермелейтін, бүлдіргі «Көк кит» ойынына қарсылық көрсету болып табылады екен. 

 - «Көк кит» ойыны жасөспірімдерді психологиялық тұрғыдан орны толмас өкініштерге апарғаны белгілі. Ал біздің қарабалықтық жастар ойлап тапқан «Қайырымды панда» ойыны балаларды, жастарды тек қана жақсылыққа жетелейді. Онда ойыншыларға 30 тапсырма беріледі. Жастар әуелде осы тапсырмалардың барлығын да аудан көлемінде волонтерлердің өздерінің қатысуымен орындап көруді ойластырады. Ал шындығында оған Астанадан, Ресейдің Челябі облысынан жастар қосыла бастады, - дейді аудандағы Жастар ресурсы орталығының директоры Ирина Алтынникова. 

Ойынды жасаған волонтерлердің айтуынша, тапсырма қарапайым тұрмыстағы тірліктен аспайды. Мысалы, өзі танымайтын біреуге хат жазады, одан зейнеткерге көмек беруін өтінеді немесе түнгі ұйқыға жатқанда киіп жататын киімімен дүкенге барып, тұз сатып алуды тапсырады. 

- Мұндай тапсырмалар да керек, өйткені ол жастарды өзіне сенімділікке тәрбиелейді, - дейді Ирина Татиева.

Қазір желідегі ойынға жүзден аса ойыншылар қосылыпты.  

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар