• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Кино 03 Сәуір, 2017

«Ең сұлу қыз» комедиясы түсіріледі

220 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда қазақ режиссерларының комедия жанрын­дағы картиналары табыссыз емес. Үлкен экрандарға жолдама алған фильмдер мазмұн-мәні, көркемдік шешімдері арқылы көрермендер көңі­лінен шығып жүр.

Ендігі жерде «Қазақфильм» киностудиясында «Ең сұлу қыз» атты көркем фильмнің түсірілім алдындағы жұмыстары басталды. Бұл картина – режиссер Қанағат Мұстафиннің «16 қыз» комедиялық фильмінің жалғасы. Өткен жылы «16 қыз» фильмі прокатта ең табысты картиналар қатарынан табылған-ды.

Жаңа фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Kanaidarproduction» және «Шешенфильм» студиялары түсіретін болады.

Фильмнің сюжеті сүр бойдақ Саматты достарының үйлен­дірмекші болған шырғалаңына құрылады. Қалыңдық іздеп үлкен қалаға келген жігіттер шым-шытырық оқиғаларға ұрынады.

Қазіргі таңда түсіру тобы реквизиттер дайындап, костюмдер мен локация таңдау үстінде. Сондай-ақ, жуық арада түсіру тобы қосалқы рөлдерге кастинг жарияламақ.

Фильмнің продюсері Айдар­хан Әділбаев түсіру тобы алғаш­қы «16 қыз» командасынан қалға­нын айтады.

– Бұл топ режиссермен жұмыс істеп, тіл табысып үлгерді. Есте­ріңізде болса, «16 қызда» бі­рінші планда Берік Айтжанов ай­даған волга «ГАЗ-21» көлігі еді, бұл жолы Мин дәуірінің көне құмырасы болмақ. Бұл фильмде көрермендерді өткір әзілдер және тартымды оқиғалармен байытуға тырыстық».

Қысқасы, жаңа комедияда да көрермендер бұрынғыдай Берік Айтжанов, Аша Матай, Қуаныш Долдаев, Ғани Құлжанов, Саят Ме­рекенов және Дәурен Айдар­құлов сынды актерлармен қауы­шады. Жаңа картинаға қосылған жаңа кейіпкерлерді Қарлығаш Мұхаметжанова, Мұрат Бисен­бин, Жанна Қуанышева, Фархат Абдрайымов, Асан Мәжит пен Ерболат Тоғызақов сомдайды.

Айнаш Есали,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар