• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Наурыз, 2017

Армия әскерге шақырудан басталады

482 рет
көрсетілді

Әскери қызметшілеріміздің қатарына жыл сайын екі мәрте жаңа толқын қосылып тұрады. Міне, сол үрдіске сәйкес қазіргі күні Қарулы Күштер қатарына, еліміздің өзге де әскерлері мен әскери құрылымдарына 1990-1999 жылдар аралығында туған 16 мыңнан астам азаматты шақыру жоспарланған.

Осылайша Қазақстанда әскери қызметке шақырудың кезекті көктемгі науқаны басталып отыр. Ал биылғы көктемгі-күзгі науқанның Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылуының 25 жылдығы аясында өтетінін де айта кеткен орынды.

Әрине, бұл кезекті әскерге ша­қы­рылым әдеттегідей Қа­зақ­стан Республикасы Прези­­ден­тінің 2017 жылғы 16 наурыздағы «Мерзімді әс­ке­ри қыз­метті өткерген әске­ри қыз­мет­шілерді, әскери қыз­меттің белгіленген мерзімін өт­кер­ген әс­кери қызметшілерді запас­қа шығару және Қазақстан Рес­пуб­ликасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз-маусы­мын­да және қыркүйек-жел­тоқ­санында мерзімді әскери қыз­мет­ке кезекті шақыру туралы» Жар­лығына сәйкес баста­лып отыр. Осыған орай, биыл­ғы жыл­ғы көктемде мерзімді әс­кери қызметке 18 бен 27 жас ара­лы­ғын­дағы азаматтар шақы­рылуға жатады. Шақырылу­шы­лар медициналық куәлан­дыру мен әскери қызметке жарам­­д­ы­лығын анықтаудан өткізі­летін, өздері әскери тіркеу­де тұратын жері бойынша қор­ғаныс істері жөніндегі басқар­малар мен бө­лімдерге жолығады.

Бұл жолы да әскерге шақыру осы кезге дейінгі қалып­тасқан үрдіске сай, бұрын­ғы аймақтық қағида бойынша жүзеге асатын бо­лады. Яғни, шақырылу­шы әскери қызметін өт­керу үшін басқа аймаққа жібе­ріледі. Әскер қатарын толық­тыратын жас азаматтарды іріктеу және әскери бө­лімдерге тарату кезін­де олардың шақыры­лымға дейін алған мамандық­тары ескеріледі. Шақыру­ды ұйымдастыру тәртібі мен медициналық куәлан­дыру шараларын өткізу мәсе­лелерін жедел түрде шешу үшін Қазақстан Қорғаныс ми­нистрлігінде осы кезең аралығында арнайы «жедел желі» жұмыс жасамақ. Жа­уапты лауазымды тұлға­лар азаматтардың қызығу­шылығын тудырған сауалдарына жауап беріп, түсіндіреді. Тіпті, хабарласып, шақырылымға байланысты қажетті кеңес алуға да болады.

Жастарды әскерге ша­қы­руда, ең алдымен, «Әске­ри қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» Заң басшылыққа алынады. Сондай-ақ, әр әскер­дің ведомстволық бұйрығы бар. Сонда көрсетілгендей, әскерге шақырылушының дені сау, бойы 160 см-дан төмен болмауы тиіс. Соны­мен қатар, аумақтық қағи­дат ұсталады. Яғни, шақы­рылушы Алматы қала­сының тумасы болса, Тал­дықорған қаласына әске­ри қызметін өтеуге жіберіл­мейді. Ол туған аумағынан ал­шақта болуға тиіс. Ша­қыру нау-

қаны кезінде аза­мат­тар­дың жақын өңірге ауыс­ты­ры­луына жол беріл­мейді. Мұ­ны, әсіресе, Ұлт­тық ұлан қа­та­рына келген жауынгер нақты түсі­нуі қажет. Сондай-ақ, Ұлттық ұлан қатарында азаматтық қорға­ныс әскери бөлімдері бар. Психо­лог­тар­мен жұ­мыс барысында әс­керге ша­қырылушының адам­ға көмекке ұмтылу қасиетіне үл­­кен көңіл бөлінеді. Болашақ ұлан­дық­тар адамға көмектесуге асық бо­луы шарт. Оқыс оқиға кезін­де тез шешім қабылдай алатын жы­лы жүректі, темір мінез­ді аза­мат­тардың мұнда көп болғаны жөн.

Әскерге аларда тағы бір көңіл бөлінетін жағдай, ша­қы­рылушы зиянды әдет­тер­ден аулақ азамат болуы қажет. Саламатты өмір сал­­тын ұстануы шарт. Де­мек, еңбекқор, елжанды, от­ба­­­сы­­лық құндылықтары берік, аза­мат­тық деңгейде ойлай­тын адам болуы тиіс. Сол себепті, шақы­рылушы әскер­ге жіберу коман­дасына қосыл­мастан бұрын есірт­кі зат­тарын пайдаланғаны не пай­­даланбағаны туралы тесті­ден өтеді. Есірткіге еліктеуі анық­тал­са, онда ол азамат әскерге алын­байды.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар