• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2017

Оңтүстік қақпадағы әскердің әзірлігі пысықталды

137 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері Оңтүстікке екі күндік жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс тобының құрамында комитет мүшелері, сенаторлар И.Адырбеков, М.Алтынбаев, Н.Әбіқаев, С.Жақсыбеков, Л.Қиынов, Г.Ким бар. Оларды әуежайдан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев күтіп алды.

Комитет мүшелері, ең алдымен, Қазақстан Қарулы Күштерінің Шымкент гарнизонында болып, жеке құрамның күнделікті тыныс-тір­шілігімен танысты. Сондай-ақ, авиациялық базаның әскери бөлім­деріндегі жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуын, Су-25, МиГ-29 ұшақтары мен Ми-17, Ми-171 Ш және Ми-35 М тікұшақтары тұрған әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін көрді. Радиотехникалық және зениттік зымыран есептоптары мен әскери авиация экипаждарының жауынгерлік мүмкіншіліктерін тамашалады.

Бұдан соң Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан­ы «Оңтүстік» өңірлік қол­бас­шылығының Шымкент қала­сын­дағы 6506 әскери бөліміне арнайы келді. Кездесу барысында Ұлт­­тық ұланның «Оңтүстік» өңір­­лік қолбасшылығының қол­бас­шысы, генерал-майор Қай­рат Ақтанов депутаттарды елі­міздің «Оңтүстік» өңірлік қол­бас­шылығы 6506 әскери бөлі­мінің жауынгерлік қызметі және әскердің жеке құрамына жүк­телген құқық қорғау міндеттері ту­ралы, сондай-ақ, әскери құры­лымды одан әрі дамытудағы келешекте атқарылатын істер жайында хабардар етті.

Сапар барысында сена­тор­ларға техниканың, қару-жарақ пен қорғаныс құралдарының жаңа үл­гілері, сондай-ақ, Ұлттық ұлан қам­тамасыз етілген киім үлгі­лері та­ныстырылды. «Жас бүр­кіт» әс­кери-патриоттық клубы­ның жау­ын­герлері өздерінің әдіс-тәсіл­дерінен қойылымдар көрсетті. Комитет мүше­лері гарни­зон­дағы ішкі әскердің 1995 жы­­лы тәжік-ауған шекарасында қаза тап­қан жаужүрек 17 жауын­герінің ес­керт­кі­­шіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар