Тағайындау • 02 Қаңтар, 2020
«Шахтер» ФК-ның жаңа бас жаттықтырушысы тағайындалды
Қарағандының «Шахтер» футбол клубының жаңа бас жаттықтырушысы болып украиналық маман Вячеслав Грозный тағайындалды, деп хабарлады аталған команданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 02 Қаңтар, 2020
Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, Қостанай, Қызылорда, Ақмола облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Аймақтар • 02 Қаңтар, 2020
Шымкент қаласының полиция қызметіне 109 жаңа автокөлік тапсырылды
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов жаңа жыл мерекесі қарсаңында қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады. Осылайша тәртіп сақшыларының көлік паркі отандық өндірісте құрастырылған 109 жаңа автомобильмен толықты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 02 Қаңтар, 2020
Шымкентте үздік жастар марапатталды
Шымкент қаласында жастар жылы қорытындыланып, онда әр саланың үздік жастары марапатталды. Шараға қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов түрлі салада өз еңбегімен оқ бойы озық келе жатқан білімді де өнерлі жандарға арнайы диплом мен қаржылай сыйлық табыс етті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хоккей • 02 Қаңтар, 2020
Чехияда хоккейден жастар арасында әлем чемпионаты өтті
2019 жылдың 26-30 желтоқсаны аралығында Чехияда хоккейден жастар арасында (20 жасқа дейін) әлем чемпионаты өтті. Жаһандық бәсекеге Қазақстан жастары мына құраммен қатысты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.