Президент • 04 Қаңтар, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы жұмыстардың басым бағыттары жөнінде жиын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі басшылығымен 2020 жылғы жұмыстардың басым бағыттары жөнінде жиын өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Теннис • 04 Қаңтар, 2020
Теннис: Зарина Дияс Гонконгтағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF турнирінің финалына шықты.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2020
Қонаев музейінде «Ұлы адамның мәңгілік махаббаты» көрмесі өтіп жатыр
Дінмұхамед Қонаев сияқты ұлы тұлғаның өмірлік жары, сенімді серігі Зухра Шәріпқызының туғанына биыл 101 жыл толады. Музей мамандарының айтуынша, Зухра апамыз көпшілік арасында өзінің кішіпейілділігі, қарапайымдылығы мен қонақжайлы мінезімен сыйлы болды. Дінмұхамед Қонаев пен Зухра Шәріпқызы жарты ғасырдай уақыт бойы дәм-тұзы жарасып, өмірдің ең бақытты күндерін бірге өткізген. Димаш атамыз бұл жайлы өзінің естеліктерінде «Мен жарыммен 50 жыл 6 ай 2 күн бірге өмір сүрдім» деп жазып қалдырған.
Бокс • 03 Қаңтар, 2020
Головкин - Деревянченко кездесуі 2019 жылдың үздік жекпе-жегі болып танылды
Қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы титулдық кездесу Boxingscene.com тұжырымы бойынша 2019 жылдың үздік жекпе-жек болып танылды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Әлем • 03 Қаңтар, 2020
Иран Сулейманидің өлімі үшін кек алатынын мәлімдеді
Иран Ислам революциясы күзет корпусының «Кудс» арнайы бөлімшесі басшысы Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алатынын хабарлады. Бұл туралы РИА Новости агенттігі жазды.