Қоғам • 05 Қаңтар, 2020
Б.Сапарбаев пен Б.Нұрымбетов елордадағы АӘК тағайындау барысымен танысты
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында (бұдан әрі - ХЖҚО) және елорданың аудандық әкімдіктеріндегі жұмыспен қамту бөлімдерінде болып, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындау үшін құжаттарды қабылдау барысымен танысты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 05 Қаңтар, 2020
Нұрғожа Қайпанов олимпиадалық салмақ дәрежесіне ауысты
Еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрғожа Қайпанов 74 келі салмақ дәрежесіне ауысты. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді деп жазады Olympic.kz.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2020
Мәжіліс депутаттары Павлодар облысында Песчаное ауылының тұрғындарымен кездесті
Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Айзада Құрманова, Айгүл Нұркина және Александр Суслов Павлодар облысына жұмыс сапармен келді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2020
Алматылық жастар үшін жалға берілетін тұрғын үйге өтініштер мен құжаттар қабылдануда
Алматы қаласының жұмыс істейтін жастарына сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу үшін өтініштер мен құжаттар қабылдау басталды. Бұл туралы almaty-jastary.kz хабарлады.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2020
Алматы облысында 9 айда 40 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған
Бас прокуратураға қарасты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Алматы облысы бойынша басқармасының деректері бойынша, өткен жылдың 9 айында тұрғындарға тиісінше қызмет көрсету ережесін бұзған 24 әкімдік маманына қатысты құқықтық хаттама толтырылған. Ал 40 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған екен.