Руханият • 06 Қаңтар, 2020
Сүю мен сүйікті болудың аражігі
Сонау сексенінші жылдардың орта тұсында Алматы қаласындағы «Академкітап» дүкеніне бір қызық кітап түсті. Авторы – Иасуси Иноуэ. Жапон жазушысы. Жанры – әңгімелер. Ал тақырыбы – «Охотничье ружье». Яки, қазақшаға тәржімаласақ, «Аңшы мылтығы» болып шыға келеді.
Сұхбат • 06 Қаңтар, 2020
Несіпбек Айтұлы: Шығармаларымның алтын өзегі – тәуелсіздік
– Аға, жаңа жыл, жаңа жасыңыз құтты болсын. Биыл жетпіске аяқ басып тұрсыз. Жеті томдығыңыз шықты. Өлеңдеріңіз бен поэмаларыңызды шолып шыққанда «қара сөзбен жеті тұрмақ, жиырма том жазуға болатын шығар, ал, өлең сөзбен жеті том жазу қиын емес пе екен» деген ойға келдім. Сіз не дейсіз? Шабытыңыз барлық кезде шарықтап тұра ма әлде көп жазу үшін ақын өз-өзін белгілі бір тәртіпке, жүйеге түсіру керек пе?
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2020
Аралас мектептен қашан арыламыз?!
Сәбидің тілі қай тілде шықса, солай қалыптасады. Тіршілік қағидасы. Ақмола облысында 614 балабақша бар. Жергілікті ұлт өкілдері перзенттерінің 63,3 пайызы ғана қазақ топтарына барады. Білім ошақтарының жалпы саны – 560. Оның ішінде аралас мектептер саны 217 болса, орыс тілінде тәлім-тәрбие беретін білім ошақтары – 184. Ал таза қазақ тіліндегі мектептер небәрі 159 ғана.
Руханият • 06 Қаңтар, 2020
Жалпы, жаһанданудың оның ішінде, тілдік жаһанданудың мәні бір ғана тілге тіреліп тұрған жоқ, олай болса мәселе оңайырақ болар еді. Мәселе – өзге тілдің үстемдігінде емес, дүниеге өзгелердің көзқарасымен қарауда. Ширатыңқырап айтсақ, мәселенің мәні – қоғамға, тұрмысқа, болып жатқан дүние жаңалықтарына өзгелердің ойымен, пайымымен, дайын қорытындыларымен қарау. Оған бұл құбылыстың рухани қарсылық пен күреске бой алдырмайтын осындай қуаты мен күші, әлемді жайлайтын жылдамдығы мен қарқыны – оның коммерциялық сипаты, бизнестік мазмұны айрықша ықпал етіп тұр.
Әлем • 06 Қаңтар, 2020
Қазақстан бастамасы жалғасын тапты
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігі БҰҰ штаб-пәтерінде қалыптасқан дәстүр бойынша ұйымның жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде 2020-2021 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған елдердің ұлттық туларын орнату кезекті ресми рәсімін ұйымдастырды.